қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

 Педагогика және психология кафедрасында 2-курс магистранттары мен 4-курс студенттеріне арналған ғылыми семинар өтті


2025 жылдың қазан айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде «Магистранттардың диссертациясын қорғау және рәсімдеу туралы ережемен таныстыру» және «Дипломдық жұмыстар мен жобаларды жазу және рәсімдеу ережелері» тақырыптарында ғылыми семинарлар онлайн және офлайн форматта өтті. Семинарлардың мақсаты - 2-курс магистранттарын диссертациялық жұмысты дайындау, рәсімдеу және қорғау талаптарымен жан-жақты таныстыру, ғылыми зерттеу сапасын арттыруға арналған әдістемелік ұсынымдар беру, сондай-ақ 4-курс студенттерін дипломдық жұмыс пен жобаны орындау және рәсімдеу талаптарымен таныстыру болды.


Дипломдық жұмыс - студенттің оқу-зерттеу қызметінің ең жоғары формасы болып табылады және кәсіби даярлық деңгейін айқындайды. Оның негізгі мақсаты - студенттің танымдық еркіндігін дамыту, кәсіби білімді өздігінен тереңдету, шығармашылық тұрғыдан талдау және практикалық тұрғыда қолдану қабілетін қалыптастыру.


Семинарларда кафедраның тәжірибелі ғалымдары мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Н.Н. Хан мен А.Н. Кошербаева, қауымдастырылған профессор Т.Н. Жүндібаева, сондай-ақ педагогика ғылымдарының магистрлері Л.М. Сахиева, Қ.Ж. Утеева және С.Б. Сүйлеймен диссертациялық және дипломдық жұмыстардың құрылымы, мазмұны мен рәсімдеу ерекшеліктері туралы маңызды ақпараттар ұсынды. Семинарларды PhD, қауымдастырылған профессор Г.К. Касымова ұйымдастырып, жүргізді, ал веб-сайттағы жаңалық материалын педагогика ғылымдарының кандидаты А.К. Калимолдаева әзірледі.


Негізгі спикерлер Т.Н. Жүндібаева мен Л.М. Сахиева магистрлік диссертациялар мен дипломдық жобалардың құрылымына қойылатын талаптарды кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ магистранттарға магистрлік диссертацияның аңдатпасын жазу ережелері мен мазмұндық талаптары таныстырылды. Семинар барысында Қ.Ж. Утеева зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу жолдары мен қорғаудан кейінгі рәсімдер туралы практикалық кеңестер берді.


Іс-шара магистранттар мен студенттердің ғылыми мәдениетін қалыптастыруға, зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға және сәтті қорғауға дайындық деңгейін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.

   alt=  




Кері оралу