қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

 Студенттердің 80-ғылыми конференциясының қорытындысы


2025 жылдың 21 қарашасында Педагогика және психология факультетінің Педагогика және психология кафедрасында студенттердің 80-ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға студенттер белсенді қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша мазмұнды нәтижелер ұсынды.


Қатысушылардың ғылыми ізденісі мен шығармашылық көзқарасы жоғары бағаланып, белсенділік танытқан студенттер төмендегідей марапатталды:


Бірінші орынға 6В01105 «Педагогика және психология» көптілді білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері - Жуматай Айсана, Даутова Мариям және Камышанская Арина ие болды.


Екінші орынға 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттері - Жайшылықова Ұлжан (3 курс) және Мамырбай Көркем (4 курс) лайық деп танылды.


Үшінші орынға 6В01101 «Педагогика және психология» бағдарламасының 4 курс студенттері - Мөлдір Ерланқызы, Алмаханов Оралхан Басқарұлы, сондай-ақ 6В01105 көптілді бағдарлама студенттері - Досалинова Аруна, Сарбасова Айнур және Нургалиева Амина Галымжанқызы ие болды.


Сонымен қатар, ғылыми белсенділігі үшін 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Болатова Амина Армановна мен Тұрғынбай Балым Достайқызы Алғыс хатпен марапатталды.


Конференция студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіруге және кәсіби өсуіне үлкен үлес қосты. Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!

  alt=  


  alt=  


 

 

 

 




Кері оралу