қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

«Педагогика және психология» кафедрасында әдіснамалық семинар өтті


2023 жылғы 12 қарашада «Педагогика және психология» кафедрасында PhD, қауымдастырылған профессор Г.Қ. Қасымованың жетекшілігімен магистранттар, докторанттар мен жас оқытушыларға арналған әдіснамалық семинар ұйымдастырылды.


Семинар барысында қатысушылар педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Тұрғынбаеваның «ЖОО оқытушыларының кәсіби өсуінің акмеологиялық ресурстары» тақырыбындағы дәрісін тыңдап, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін педагогикалық зерттеулер мен оқытушылардың кәсіби дамуында қолдану жөнінде мол ақпарат алды.
Іс-шараның практикалық бөлімінде қатысушылар АКМЕ деңгейін диагностикалау бойынша тапсырмаларды орындап, нәтижелерін талқылады. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кәсіби өсу бағыттарын айқындады.


Шара онлайн және офлайн форматта өтіп, белсенді сұрақ-жауап пен мазмұнды пікірталас түрінде жалғасын тапты.

 

 

  alt=  


  alt=  

 




Кері оралу