қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2025

 Абай атындағы ҚазҰПУ-де Педагогика және психология кафедрасының жас ғалымдарының ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру ортасын өлшеу» атты халықаралық ғылыми пікір алмасу өтті


2025 жылдың 5 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогика және психология кафедрасының жас ғалымдарының ұйымдастыруымен «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ӨЛШЕУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ (DISCURS)» тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы өтті. Іс-шараны Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Сапарбаева Баян Оралхановна ашты.


Аталған ғылыми іс-шараға шетелдік профессорлар:

  •  Professor Anthony Brown, University of South Africa, Johannesburg
  •  Professor Christian Sunday, University of Nigeria, Nsukka

қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.


Университетіміз атынан Джокякарта мемлекеттік университетінің дркторанты, п.ғ.м. Бегимбетова Гулдана Атымтаевна өз баяндамасын ұсынып, халықаралық деңгейдегі пікір алмасуға белсене қатысты.


Пікір алмасу барысында жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінің өлшемі мен оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, заманауи талаптар мен педагогикалық үдерістегі жаңашыл көзқарастар талқыланды. Іс-шараға Педагогика және психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысып, ғылыми пікір алмасуға белсенді үлес қосты. Іс-шара соңында университетіміздің талантты студенттері ұлттық аспаптарда өнер көрсетіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

 

  alt=  


  alt=  


 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу