Педагогика және психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика және психология кафедрасы / Жаңалықтар
02.11.2018
«Болашақтың моделі «Университет 4.0» дәрісі
2018 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың (Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы) магистранттары мен докторанттары «Болашақтың моделі «Университет 4.0» тақырыбында Almaty Management University (AlmaU) ректоры Гүлмира Курганбаеваның баяндаған мазмұнды дәрісіне қатысты.
Дәрістің негізгі мақсаты: ғылымдағы жаңалықтар және білім алушыларды өнеркәсіп пен бизнесте «ақылды шешім» шығаратын, басқаруды дамытатын жобаларға жұмылдыру бойынша пікір алмасу, білім берудің озық технологиялары, ақылды қоғам құру және елімізде «зияткерлік орта» қалыптастыру үшін қажетті жаңа формациядағы педагогтарға қойылатын талаптармен таныстыру.
Дәріс аясында білім берудегі менеджмент, білімді басқару саласына қатысты мәселелерді қамтыды. Сонымен қатар ректордың кеңесшісі Асел Арын AlmaU-дың даму стратегиясының бағыттарымен және университеттің замануи инфроқұрылымымен таныстырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|