Педагогика және психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика және психология кафедрасы / Жаңалықтар
10.12.2018
Білім беру сапасын бағалау және өлшеу магистрлік білім беру бағдарламасы
2018 жылдың 3-4 желтоқсаны күндері аралығында Педагогика және психология институтының Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен бірлескен білім беру бағдарламасы негізінде МГПУ -дың (Мәскеу) Жобаны жүйелеу институтымен бірге, «Білім беру сапасын бағалау және өлшеу барысында магистрлік білім беру бағдарламасын жүзге асырудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбы аясында ғылыми семинар болды. Оған МГПУ-дың Жобаны жүйелеу институтының директоры п.ғ.д. Светланна Вачкова. Жобаны жүйелеу институты директорының орынбасары пс.ғ.к. Игорь Шиян және пс.ғ.к. Владимир Львовский қатысты.
Кездесуді Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева ашты. Сонымен қатар кездесуге, академиялық мәселелер жөніндегі Департамент директоры Хайрулла Жанбеков, оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Гүлнара Балахметова, институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов және педагогика- психология кафедрасының бірлескен білім беру бағдарламасының үлестірушісі пс.ғ.к., кафедра доценті Лялиза Сарсенбаева, кафедраның профессор-оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Семинар барысында баяндамалар кеңінен талқыланды. Абай атындағы ҚазҰПУ - МГПУ Жобаны жүйелеу институты (Мәскеу) арасындағы қосдипломдық бағдарламаның маныздылығы айтылды.
Шебер-сынып өткізілді. Сұрақтар қойылып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды. Семинар өте жоғары ғылыми деңгейде және жемісті өтті.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербава білім беру сапасын бағалау және өлшеу барысында магистрлік білім беру бағдарламасын жүзге асырудың тұжырымдамалық негіздері семинарының маңыздылығы туралы айтып семинарды қортындылады. Қатысушыларға арналған сөзінде Айгерім Көшербава бұл ғылыми кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің мазмұндылығымен, жаңашылдығымен есте қалатынын атап көрсетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|