қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2018

Оқыту сабағы ауызша ғылыми журнал түрінде


Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ботагүл Тұрғынбаеваның ұйымдастыруымен 1-курс докторанттарымен «Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы» пәні бойынша қорытынды сабағы өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты докторантардың осы пән аясында алған білімін тиянақтау, оларды қолдана алудың үлгісін көрсете білу болды.

 

Қорытынды сабақтың ерекшелігі ауызша ғылыми журнал түрінде ұйымдастырылуы. Арнайы журнал нұсқасы жасалып, оның мәтіні тақырыптың мазмұнымен сәйкестендірілген. Басылымның әр бөлімінде ғылыми зерттеу жүргізудің теориялық - әдіснамалық мәселелері қамтылып, ғылыми мақалаларда күрделі тақырыптар терең, теориялық материалдар оқырмандарға тартымды, шығармашылық тұрғыда ұсынылды.


Журнал беттеріндегі мақалаларды талқылау, ғылыми дискуссия, РАФТ әдісі, «Брейн ринг», «Синквейн», эксперттер кеңесі формаларында, интерактивті жағдайда өтті. Оларды «Тарих және құқық», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Мектепке дейінгі білім және тәрбие» мамандықтарының докторанттары шеберлікпен орындады.


Басылымның «Қызықты әдіснама» айдарында қатысушылар шығармашылық тапсырмаларды шешіп, білімдерін бекітті. Ауызша ғылыми журнал формасындағы қорытынды сабақтың мазмұнын «Ғалымнан ғибрат» деп аталатын айдарының құрметті қонағы «Философия және педагогика әдістемесі» оқулығының авторы, п.ғ.д. профессор, әдіснамашы ғалым Шәркүл Таубаевамен болған жүздесу тереңірек аша түсті.


Сабақ қатысушылардың «Бағалау шеңбері» арқылы кері байланыс жасауымен, арнайы жазылған ән айтумен қорытындыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу