қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2019

WORKSHOP бағдарламасы бойынша ,ілім саласы менеджерлерін даярлау

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру менеджменті» бойынша білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру міндеттері алға қойылған. Яғни білім саласы менеджерлерін даярлау.

 

Осыған орай 8 сәуірде жалпы педагогика кафедрасында WORKSHOP бағдарламасы бойынша «Білім саласы менеджерлерін даярлау» тақырыбында семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты: жоғарғы білім саласы менеджерлерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.


Семинарға Герцен атындағы РМПУ-дің «Білім берудегі басқару және кадрлық менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Сергей Трапицин, №159 мектептің директоры Аягүл Миразова, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, институт директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мажинов және педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары мен докторанттары, магистранттары қатысты.

 

Іс-шара соңы пікірталасқа жалғасты. Кафедра меңгерушісі Айгерім Көшербаева семинарға қатысып, атсалысқан магистранттар мен докторанттарға алғыс айтты.

 

   

 

  




Кері оралу