қазақша · русский · english
 
 
 
21.10.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ - дің 2018-2025 стратегиялық даму жоспарына арналған семинар


2019 жылғы 19 қазанда «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс докторанттары Алена Губенко, Румилям Мухпулова Абай атындағы ҚазҰПУ - дің 2018-2025 жылдарды қамтитын стратегиялық даму жоспарына арналған екі семинарға қатысты. Семинар барысында докторанттар ЖОО-ның даму хронологиясымен, оның күшті жақтарымен, стратегиялық жоспарымен, олардың орындалу кезеңдерімен, корпоративтік мәдениетімен және білім беру экожүйесі мен бизнесінің болашақ даму жоспарымен танысты.


Семинарды доцент Жүндібаева Тұрархан ашты. Ол Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының ең көне жоғары оқу орны, білім беру, ғылым және мәдениеттің ең ірі орталығы және педагогикалық кадрларды даярлаудың ұстаханасы болып табылатынын атап өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ беделді 11 халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың мүшесі болып табылады, сондай-ақ QS World University Ranking-да 481-ші орында.


Университет басшылығы білім беру саласындағы өзгерістер мен прогреске бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары мазмұнының сабақтастығымен бірізділігін қамтамасыз етуге ынталы.


Ал мәдени және зияткерлік даму үшін қолайлы жағдайлар білім алушылар мен қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдауға қолайлы.


Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылардың, ғылыми кадрлардың, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асырып, шет елдермен мәдени, білім беру және экономикалық байланыстарды дамытып, білім алушылар мен педагогтардың әлеуетін ашуға ықпал етуде. Ал ең озық әдістемелер мен бағдарламалар негізінде 21-ші ғасырдың педагогтары дайындалады. Ал түлектеріміз болса қазіргі заманғы оқушылардың тез өзгеретін қажеттіліктерін болжауға дайын кәсіби мамандар.


Педагогика саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелерін үздік білім беру бағдарламаларына айналдыра отырып, Университет мұғалім мамандығының беделін арттырып, ел дамуының қуатты драйверіне айналуда.


Стратегиялық жоспарға сәйкес 2025 жылға қарай студенттер контингенті-10 000, қос дипломды бағдарламалар - 15 болды, QS World University Rankings рейтінгісінде университет - 450 орынға шығады, ал шетелдік студенттер саны 5% болуы тиіс. Бірақ биылғы жылы оқитын студенттер саны 10460 адамды құрады, ол дегеніміз 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың басты мақсаты мерзімінен бұрын іске асты деген сөз.


Семинар барысында докторанттарға университеттің бағыт-бағдары түсінікті болды.

 

   




Кері оралу