қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2019

Университет 4.0: кедергілер және мүмкіндіктер

 

2019 жылғы 4 қараша күні Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасында профессор Наталья Ханның жетекшілігімен PhD докторанттардың әдістемелік семинары өтті.

 

Семинардың алғашқы бөлігінде 2-курс докторанты Даурен Сағынғалиев «Университет 4.0: кедергілер және мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, өзге докторанттар тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдірді. Жас ғалымдар тарапынан Университет 4.0. талабына сәйкес келетін жоғары оқу орындарына салыстырмалы талдау жасалынып, бұл бағыттағы өзіндік жұмыстарымызға баға берілді. Семинардың екінші бөлімінде шетелдік іс-тәжірибеден өткен Дамира Советканова, Ақбота Сеитова, Алия Қосшығұлова сынды докторанттар өз ойларымен бөлісіп, шет мемлекеттердегі іс-тәжірибенің ерекшеліктерін атап өтті. Семинарды қорытындылаған Наталья Хан бұл семинардың маңыздылығын атап өтіп, тоқсан сайын осы бағыттағы шаралардың жалғасын табатынын айтты.

 

   




Кері оралу