Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасы | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Экономикалық жоспарлау және талдау басқармасы / Заң бөлімі
Заң бөлімінің мақсаттары мен негізгі функционалдық міндеттері
Заң бөлiмi, универистетіміздің Бірінші проректорының басшылығымен, Әкімшілік департаментінің құрамына кіреді, дербес негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Заң бөлімінің құрылымы, штаттық кестеге сәйкес, басшысынан және заң кеңесшілерінен тұрады, бөлімге университетіміздің барлық құрылымдық бөлімшелерін құқықтық қамтамасыз ету-кеңес беру міндеттері жүктелген.
Заң бөлімінің негізгі міндеттері: - университет қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету; - университет мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қорғау; - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне түсініктеме беру және насихаттау; - ішкі нормативтік құжаттардың, сонымен қатар, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа да құқықтық күші бар барлық деңгейдегі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуы.
Университеттiң заң бөлiмiнің құзіреттілігі: -Құқықтық сұрақтарды қарастыруға байланысты сотта және басқа органдарда университеттің мүддесін білдіруді іске асырады; -басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, шарттардың және басқа да құқықытық сипаттағы құжаттардың жобаларын заңнамаға сәйкестігін тексереді және оларға қол қояды; - наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізеді және ұйымдастырады; - еңбек тәртiбiнiң күшейтілуi, сақталуы бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады; - тиісті қызметтердің (қаржылай-экономикалық басқару және басқа да бөлiмшелердің) материалдық жауапкершілік мәселесі бойынша дайындаған құжаттарын рәсімдеуге қатысады; - университетке келтiрiлген мүліктік залалды өндіру мәселесі бойынша қаржылай-экономикалық департамент қызметкерлеріне заңдылық көмек көрсетедi; - барлық жедел мәжiлiс отырыстарына қатысады; - университеттің нормативтік құжаттарын жүйелi есепке алуын ұйымдастырады; - ҚазҰПУ ректорын, проректорларын және құрылым бөлiмше басшыларын қажеттi нормативтiк құжаттармен қамтамасыз етедi; - заңнаманы қолдану бойынша іс-шараларды өткiзедi, университет қызметкерлерін және студенттерін құқықтық сауаттылық жөнінде жалпыға мiндеттi білім алуын қамтамасыз ету бойынша жұмысын жүргізеді.
|