қазақша · русский · english
 
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті
     
     
    Уразалимова Айшолпан Ахметбеккызы
    Материалдық құндылықтардың есебін және банктік операцияларды жүргізу бөлімінің бастығы

    Достық даңғылы, 13
     291-06-79

    Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


    Материалдық құндылықтарды есепке алу және банк операцияларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттері:
    - университеттің қызметі және оның қаржылық жағдайы туралы толық және дәйекті мәліметтер жасау;
    - университеттің шаруашылық қызметі туралы мәліметпен қамтамасыз ету;
    - шаруашылық қызметінің субъектілерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету;
    - жинау жүйесі, тіркеу және активтер туралы ақпараттарды, меншіктегі капитал, міндеттемелер, бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес университеттің кіріс және шығыстарын, университеттің саясатын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерді қамтитын бухгалтерлік жазбалар мен құжаттарды қолмен жазылған, сондай-ақ «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық жүйесінің көмегімен дайындалған алғашқы құжаттарды, журналдарды, жазбаларды қаттау, университеттің шаруашылық қызметі және оларды сақтау, мұрағаттау туралы мәліметтері бар құжаттарды хаттау;
    - бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу әдістерін анықтау, сонымен қатар есептік мәліметтер технологиясын, қаржы қорларын ұйымдастыру және басқару, шүбәсіз және салыстырмалы қаржылық есепті дайындау және ұсыну.


    Бөлімнің негізгі қызметі:
    - тиісті есеп учаскелері бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, өңдеуге дайындау;
    - бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу;
    - қамтамасыз етушілермен, мердігерлермен есептесудің есебін жүргізу, келісім-шарттармен жұмыс істеу, салыстырмалы акт жасау;
    - мүліктің саны мен қозғалысына, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген норма, норматив, смета бойынша пайдаланылуына, сондай-ақ дебиторлармен және кредиторлармен уақытылы есеп айырысуды есепке алу және бақылау;
    - ТМЗ мен негізгі қорларды, айналымдағы және қаржы-қаражатты, шығыс сметасының орындалуын есепке алу;
    - ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың уақытылы инвентаризациялануына бақылау жасау;
    - бюджеттік төлемдерді дұрыс есептеуге және дер кезінде аударуға, салықтық және статистикалық есептерді уақытылы жасап өткізуге бақылау жасау;
    - ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын құжат бойынша көрсетуді қамтамасыз ету;
    - есепке алу, есеп беру, қаржылық бақылау мәселелері қаралған жағдайда тиісті органдарда университеттің мүддесін білдіру;
    - университеттің қаржы-шаруашылық қызметін талдамалы және синтетикалық есепке алу.