|
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті | |
Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Университеттің қызметкерлерімен және есеп беруге тиіс тұлғалармен есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Студенттермен, магистранттармен және докторанттармен оқу ақысын төлеу, шәкіртақымен есеп айырысу ісімен айналысады.
Бөлімнің негізгі қызметі: - тиісті учаскелер бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, оларды есеп айналысына дайындау; - бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу; - еңбекақы төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын, заңдылықтарға сәйкес салық пен аударымдарды есептеу және аударуды жүзеге асыру және бақылау, мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның келісім-шарттары бойынша төлемдерді уақытылы есептеп аудару; - атқарушылық қағазы бойынша кәсіподақтың мүшелік жарналарын ұстауды және аударуды жүзеге асыру; - резиденттер мен резидент еместердің жеке тұлғаларының табысын есептеуді, бухгалтерлік есептің салық алу мен операцияларын жүзеге асыру, оған бақылау жасау, уақытылы аудару; - кәсіпорынның есеп саясаты мен ҚР басқа да заң актілері бекіткен нормаларға сәйкес бухгалтерлік есепте шығындарды (іс-сапар, шаруашылық және өкілеттілік) көрсету және оны бақылау, оның уақытылы аударылуын қамтамасыз ету; - салық және статистикалық есеп беру формаларын дайындау және өткізу; - университет қызметкерлеріне айлық жалақысы туралы анықтамалар беру; - білім беру қызметі бойынша табыстың дұрыс есептелуін жүзеге асыру және оны бақылау; - оқу орнына түскен қаражат туралы толық ақпарат дайындау, оқу ақысын төлеу жөнінде дебиторлық қарызды болдырмауды қамтамасыз ету; - дебиторлық қарыздар мен университеттің институттары мен бөлімдері контингентінің қозғалысын ай сайын тексеріп, салыстырып отыру; - студенттер мен магистранттардың стипендияларын, жол ақысына жеңілдіктерін дұрыс және уақытылы есептеудің жүзеге асырылуын, аударылуын бақылау; - студенттерге, магистранттарға, докторанттарға алатын стипендияларының көлемі туралы анықтамалар беру; - университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне талдамалы және синтетикалық есеп жүргізу.
|