қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2022

«Бос орындар» жәрмеңкесі - 2022

 

2022 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының ұйымдастырумен «Бос орындар» жәрмеңкесі өтті. Ректор Дархан Біләлов жәрмеңкеге келген жұмыс берушілер мен студенттерді салтанатты іс-шарамен құттықтап, сөз сөйледі.

 

Жәрмеңке барысында университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған «BEAM CAREER MANAGEMENT CENTER» мобильдік қосымшасының тұсауы кесіліп, ынтымақтастық меморондумға қол қойылды. Сонымен қатар жылдағы дәстүрден ерекше болу үшін, түлектердің қарым-қабілетін көрсету мақсатында бітіруші түлектерге арнайы сөз беріліп, жұмыс берушілердің алдында өздерін көрсетуіне мүмкіндік берілді.

 

Сонымен қатар «Damu» зияткерлік мектебі, «BINOM SCHOOL» мектептер желісі, «NGS» жекеменшік мектептерінің өкілдері мектептерін таныстырып, бос жұмыс орындарын жас мамандарға ұсынды.

 

«Бос орындар» жәрмеңкесіне 62 мекеме қатысып, 300 бос орын ұсынды. Оған қоса бітіруші түлектерге республикамыздың түкпір-түкпірінен 1659 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге келген барлық мекемелер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтындықтары туралы мәлімдеді.

 

  alt=  

 

  alt=