қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2024

Алматыда Бреттон-Вудс қорының бірегей кітапханасы ашылды

 

                

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Бреттон-Вудс қорының бірегей кітапханасы ашылды, деп хабарлайды 24kz.

 

Әлемнің жетекші ғалымдары ұсынған 2500 таңдаулы кітап, қолжазбалар мен мұрағат материалдары жинақталған жаңа кітапхана Орталық Азиядағы алғашқы ағылшын-француз платформасы саналады. Кітапханада сирек кездесетін құнды материалдар мен заманауи ғылыми ресурстар қолжетімді. «Бұл Қазақстан мен Орталық Азияның жас ғалымдары үшін мол мүмкіндік береді», - дейді университет өкілдері. Авторлармен кездесулер ұйымдастыру, кітап тұсаукесері мен жетекші ғалымдардың баяндамаларын жариялаудың арқасында кітапхана ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіретін интеллектуалдық байланыс орталығына айналмақ.

 

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректоры: - Бұл кітаптардың негізгі құндылығы олардың авторларында. Атап айтатын болсақ, әлемге белгілі экономист ғалымдар, заңгер ғалымдар, әлеуметтанушы ғалымдар, осы ғалымдардың өздерінің төл туындылары соңғы осы 2-3 жылда жазылған. Бұл біз үшін өте құнды. Қазір біз Абай университетінде жалпы кітапхана қоры 1 млн 700 мың дананы құрайды. Кітапхана қорын заманауи кітаптармен толықтырып отыру жұмысын жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Бүгін соның бірінші қадамы.

 

 

26.11.2024

Ақпарат көзі: 24.kz




Кері оралу