қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2020

Бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушылары қашықтан білім беруге көшті

 

Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың өкімі (http://www.kaznpu.kz/kz/2458/notice/) мен ҚР​ Үкіметінің​ «Ағымдағы жылдағы​ 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу» туралы (https:///primeminister.kz/kz/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613)​ шешіміне орай​ Өнер мәдениет және спорт инcтитутының бастапқы әскери дайындық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан білім беру жүйесіне көшті.

 

Өнер мәдениет және спорт инcтитутының бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы магистр Н.Төлегенұлы мен  Г. Ахметова 2020 жылдың 14 наурызында ҚР Білім беру министрлігі ұйымдастырған вебинарға қатысып, (https://youtu.be/RkjSF9y4l4c) қашықтан білім берудің заманауи тетіктерінің бірі​ ZOOM​ жүйесінің қыр-сырларын үйренді. Аталған оқытушылар кафедрамыздың басқа профессор-оқытушыларына ең қысқа уақытта тәжрибелерімен бөлісті. Осы бағытта кафедрамыз институт көлемінде алдыңғы саптан көріне біліп, студенттеріміздің уақтылы және сапалы білім алу үрдісін жалғастыруда. Студент пен магистранттарымыз ағымдағы аралық бақылау мен емтихан кезеңіне бағытталған оқу бағдарламасын қашықтан үйреніп, білім алудың замануи тетіктерін ынталы түрде меңгеру үстінде.​

 

   

 

      


 




Кері оралу