қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2016

17 қараша күні халықаралық студенттер күніне орай, «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты күзгі балл кешін өткіздік. Бұл мерекелік кешіміздің мақсаты: күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілет пен ой - өріс ұшқырлығын дамыту, студенттердің қоғамдық өмірге, мәдени - көпшілік шараларға белсенді қатысуына ықпал ету, бос уақытын тиімді пайдалану.
Байқаудың жеңімпаздары: 3-ші орын Латын Америка елі, 2-ші орын Түркия елі, 1-ші орын Үнді елі және Бас жүлдені Оңтүстік Кореядан келген қатысушылар жеңіп алды.
Жылдағы дәстүр бойынша бұл іс-шара тек Күз ханзадасы мен ханшайымын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмыстарына белсене қатысып жүрген студенттердің еңбектерін атап өту көзделді. Үздік студент-оқытушы номинациясын 4 курс студенті Жалғасбаева Ақтоты, Жылдың үздік студенті номинациясын 4 курс студенті Тұратай Нұрсұлтан және үздік староста номинациясын 2 курс студенті Ануарбекова Инкар жеңіп алды.





Кері оралу