қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

«Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» конференциясы

 

2023 жылдың 16 қарашасында Өнер, мәдениет және спорт институты бастапқы әскери дайындық кафедрасында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» секциясы бойынша студенттер мен магистранттардың 78-ші ғылыми конференциясы өтті.

 

 Іс-шарада 11 тақырып бойынша баяндама жасалды. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-ші орынды Дүйсенбай Әдемі (4 курс); 2-ші орынды Изтилеуова Айкена (3курс) мен Оспанов Батыржан (4 курс); 3-ші орынды Акаев  Булат, Рашид Шахмина, Қонысбай Сержан (4 курс) иеленді. «Үздік презентация» номинациясы бойынша Жақыпов Арман (4 курс), Кошкинбаева Динара (3курс) дипломдармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу