қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2023

Абай университетінің оқытушысы халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады


2023 жылдың 14 желтоқсанында Абай университеті ЮНЕСКО педагогика және мұғалімдерді даярлау кафедрасының меңгерушісі Ж.Т. Тилекова «Университеттер және климаттың өзгеруі. ШЫҰ аумағы» халықаралық ғылыми конференциясында «Абай ҚазҰПУ оқу процесі мен қызметін жасыл технологияларды қолдана отырып экологияландыру» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан-Британ техникалық университетінде өткен іс-шараны Қазақстандағы Дүниежүзілік Даму Банкі ұйымдастырды.

 

Доцент Ж.Т. Тилекова өз баяндамасында Абай университетіндегі тұрақты даму мақсаттарының даму бағыттары, университеттің тұрақты даму мақсатында білім беруді қолдау жөніндегі қызметі, тұрақты даму мақсаттарын зерттеу және нәтижелерін білім беру процесіне енгізу сияқты мәселелерді атап өтті.

 

  alt=  




Кері оралу