қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2018

«XXI ғасырдағы білім беру: білім, тәрбие және бастапқы әскери дайындық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2018 жылдың 12 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен, «XXI ғасырдағы білім беру: білім, тәрбие және бастапқы әскери дайындық» тақырыбында студенттер, магистранттар мен докторанттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Конференцияның мақсаты: жас мамандарды ғылыми жұмыстарға тарту және әлемдік білім беру жүйесінің жаңа бағыттарын танып білу. Конференцияда басында бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттері көпшілікке сапта жүріп ән айту, қолма-қол ұрыс, атыс қаруын бөлшектеп, қайта жинау өнерлерін көрсетті.


Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов сөзімен басталды. Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылары мен қатар, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік академиясының оқытушылары мен Түркия, Ислам Республикасы, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан Республикасының студенттері мен докторанттары қатысты. Кафедра меңгерушісі Сайлаубек Тәукейұлы конференция қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Конференция 3 секция бойынша жүргізілді. № 1 Секция: «Заманауи оқыту үдерісі және оның дамуы, № 2 Секция: «Әскери-патриоттық тәрбие» және № 3 Секция: «Бастапқы әскери дайындық, оның рөлі мен маңызы».

 

Конференцияда 35 баяндама тыңдалды. Әр секция бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен марапатталды.

 

№1 секция жеңімпазы: Бастапқы әскери дайындық мамандығының 3 курс студенті Жансая Дінмұханбетқызы. Ғылыми жетекші: Ақбота Сеитова;

 

№2 секция жеңімпазы: ҚР ҰҚК Шекара қызметкерлері академиясының 3 курс курсаны Тоқан Әбілмансұр. Ғылыми жетекші: полковник М.Ш.Тасыбеков;

 

№3 секция жеңімпазы: ҚР ҰҚК Шекара қызметкерлері академиясының 3 курс курсаны Бейбарыс Султангазиев. Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент И.К.Атагельдинова.

 

       

 

     alt=   

 

       

 

       

 

     




Кері оралу