қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2025


«Ғылыми зерттеудің заманауи архитектурасы» тақырыбында іс-шара өтті


19 қараша күні Бастапқы әскери дайындық кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес Research Studio (Ғылыми шеберхана) өтті. Іс-шара «Ғылыми зерттеудің заманауи архитектурасы» тақырыбында ұйымдастырылды. Ғылыми шеберханаға Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Негізгі спикерлер - Ғылым департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Абсатова, сондай-ақ Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор А.Б. Дошыбеков болды. Шеберхананың мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, заманауи зерттеу әдіснамасының мүмкіндіктерімен таныстыру және ғылыми мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында ғылыми жобалаудың жаңа әдістері, цифрлық деректерді талдау технологиялары, Big Data және жасанды интеллекттің ғылыми зерттеуде қолданылуы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар ғылыми нәтижелерді визуализациялау тәсілдері, халықаралық журналдарға мақала дайындау талаптары және академиялық адалдық қағидалары бойынша да жан-жақты ақпарат алды. Ғылыми шеберхана жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми әлеуетін арттырып, сапалы зерттеу жүргізуге бағытталған жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

 

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу