қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2025

Бастапқы әскери дайындық кафедрасында студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми конференциясы өтті


 2025 жылдың 25 қарашасында Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті Бастапқы әскери дайындық кафедрасында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» секциясы бойынша студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми конференциясы өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Ертай С. конференцияға қатысушыларды құттықтап педагогикалық саладағы ғылыми жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Конференцияда 18 тақырып бойынша баяндама жасалды, қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, магистранттар арасында: 1-ші орынды 1 курс магистранты Ахмет Р.Ш., 2-ші орынды 1 курс магистранты Сызатов Қ.К., 3-ші орынды 1 курс магистранты Семен Е.С. иеленді; студенттер арасында: 1-ші орынды 4 курс студенті Файзуллаева Ж.Н.; 2-ші орынды 2 курс студенті Мюльбергер В.А. және 4 курс студенті Отар А.А.; 3-ші орынды 4 курс студенттері Рақыш С.Е., Мұхамеджанқызы Ж. және 3 курс студенті Жайлау А.Р. иеленді.

 

 

  alt=  


  alt=




Кері оралу