
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы | Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Бастапқы әскери дайындық кафедрасы / Жаңалықтар
11.12.2025
Бастапқы әскери дайындық мамандығы студенттерінің ҰҚК Шекара Академиясына саяхаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастапқы әскери дайындық кафедрасының 2 курс студенттері «Әскери-патриоттық тәрбие негіздері» және «Әлемнің жетекші елдерінің қару-жарақтары» пәндері аясында ҚР ҰҚК Шекара академиясына арнайы барып, оқу орнының құрылымымен, оқу-әдістемелік базасымен және болашақ офицерлерді дайындайтын кәсіби кафедралармен жақын танысты. Сапар барысында студенттерге тәжірибелік бағыттағы семинар сабақтары ұйымдастырылып, шекара қызметінің заманауи техникасы, әскери дайындық жүйесі, тәртіп пен жауапкершілік қағидалары жан-жақты көрсетілді. Бұл шара – аталған пәндерде алынған теориялық білімді нақты тәжірибемен ұштастырып, болашақ педагогтар мен әскери дайындық мамандары үшін кәсіби көкжиегін кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін күшейтетін маңызды тәжірибе болды. Сонымен қатар, студенттер шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі талаптарымен, жетекші елдердің қару түрлерімен салыстырмалы түрде қолданылатын әскери техникалармен, сондай-ақ офицерлерді дайындау жүйесіндегі жаңашылдықтармен танысу мүмкіндігіне ие болды. .
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|