
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы | Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Бастапқы әскери дайындық кафедрасы / Жаңалықтар
06.12.2025
«Саптық дайындық пәні бойынша «Взводтар саптары» тақырыбындағы сабаққа өзара қатысу форматындағы іс-шара
06.12.2025 жылы Саптық дайындық пәні бойынша «Взводтар саптары» тақырыбындағы сабаққа өзара қатысу форматындағы іс-шара өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — студенттердің Қарулы күштерге деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың әскери тәртіп пен саптық машықтарын жетілдіру болды. Сабақты Аға оқытушы Нурмухамбетов Ерлан Сакенович жүргізді. Ол студенттерге взводтар сабын құрудың, оны басқарудың және саптағы қозғалыстың ережелері мен тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сабақ барысын бақылау және тәжірибе алмасу мақсатында Аға оқытушылар Сауытбеков Мурат Есалиевич пен Байғалиев Әділ Манарбекұлы қатысты. Әріптестер сабақтың жоғары деңгейде өткенін және оқытушы Нурмухамбетов Е.С. көрсеткен әдістемелік шеберлікті атап өтті. Өзара қатысу форматы оқытушылардың біліктілігін арттыруға және оқу процесіне жаңа әдістерді енгізуге мүмкіндік береді. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|