Негізгі бет
Жаңалықтар
13.05.2022 №1 секция «Жоғары білім беру жүйесі, ғылымдағы интеграция»
2022 жылдың 11 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Психологиялық-педагогикалық білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары» ІІІ Халықаралық қатысуымен жылсайынғы Республикалық конференция аясындағы «Жоғары білім беру жүйесі, ғылымдағы интеграция» №1 секциясы онлайн форматта өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (білім беру бағдарламасының басшысы А.Н.Кошербаева; профессор Н.Н.Хан; аға оқытушы С.Т.Исалиева). Ғылыми іс-шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.Ә.Бөрібаев ашты.
Секция жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, КИМЭП университеті, Алматы технологиялық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Алматы қ. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы қ. № 202 мектеп-гимназия және № 185 жалпы білім беру мпектеп, Павлодар қ. орта білім беру мектеп және т.б. өкілдері қатысты.
Баяндама жасағандар - Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Баку қ., Әзірбайжан), Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті (Минск қ., Беларусь), Қазан мемлекеттік энергетикалық университеті, «ТИСБИ» Басқару университеті және № 179 гимназия - білім беру орталығы (Қазан қ., Татарстан Республикасы, Ресей), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Caspian University, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдар, педагогтар, психологтар және мұғалімдер, КИМЭП университетінің шетелдік білім алушылар.
Секцияға қатысушылар университетте, колледжде және мектепте ғылым мен білімді интеграциялау, университеттің цифрлық білім беру платформасын жобалау, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы, мамандардың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындығы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
|