19.05.2010
2010 жылдың 13 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессор-оқытушы құрамы мен студенттер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас Хатшысы Оливер Спенсермен кездесті.
Кездесу барысында Оливер Спенсер лекция оқып әлемдегі беделді ұйымның мақсат-міндеті туралы әңгімеледі, сұрақтарға жауап берді. Ал университет ректоры С.Ж. Пірәлиев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас Хатшысы Оливер Спенсер мырзаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті профессоры атағымен марапаттады.