қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.05.2022

Әркім өз болашағына таңдау жасайды

 



Қазір қоғамда Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы бастамасы кеңінен талқыланып жүр. Бұл ұсыныстың Ата Заңымызда жазылған басты қағидаға негізделгенін атап өткім келеді.

 

1995 жылғы соңғы референдумнан кейін халықтан ешкім болашағын жалпыхалықтық талқылау арқылы анықтау туралы сұрамаған еді. Міне, Жаңа Қазақстанның нобайын жасайтын Конституциялық реформаларды Президент халықтың қалауына ұсынып отыр. Қараңыздаршы, 27 жылдан кейін халық өз болашағын басты құжат - Ата Заңын анықтап, Екінші республикаға өтпек.

 

Суперпрезиденттің заманы кетті, қазір халық өкілдері отырған мықты Парламенті бар президенттік басқару формасымен өмір сүруге аяқ басудамыз. Президент билігінің құзыреттерін барынша шектеп халықпен бөлісіп отыр. Бұдан әрі ауыл, аудан қала, облыстар өз әкімдерін, мәслихаттарын сайлайды, Президенттің ұсыныстарына келісім береді, жеке аймақтың қаржысын игеруге қол жеткізеді. Жер мен оның қойнауындағы дүниенің барлығы халықтікі болып есептеледі. Өлім жазасына толық тыйым салынды. Сайлаушылар жеке мандатпен қайраткерлер мен тұлғаларды сайлай алады. Осындай күтілетін жаңалықтарға толы саяси реформалар жалпыхалықтық референдум арқылы анықталмақ.

 

Былтыр ғана қырғыз бауырларымыз Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу үрдісін бастарынан өткерді. Шындап келгенде, бұл - уақыт талабы, жаңа қоғамның құрылысына өту, жаңа дамудың белесіне шығу деген сөз.

 

Авторы: Мақсат Жақау,

Абай атындағы ҚазҰПУ Рухани жаңғыру Жобалық кеңсе жетекшісі, саясаттанушы

16.05.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz