Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық цикл пәндері бөлімінің қызметі
Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімі оқу әрекеті мамандықтардың ЖММС сәйкес, «Педагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Білім берудегі менеджмент және әлеуметтік құжаттама», «Ұлттық тәрбие» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары, кафедраның жұмыс жоспары, оқытушылардың жеке жоспарларына сәйкес жүзеге асады.
Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімі барлық институттардың 1-4 курс студенттерімен күндізгі және қашықтан, қазақ және орыс, сондай-ақ, ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Сондай-ақ, кейбір оқытушылар қайта даярлау курстарында басқа мамандық иелерін педагог мамандығына қайта даярлау үрдісіне қатысады.
Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы барлық мамандықтардың бакалавр студенттеріне «Білім беру» топтарында күндізгі және қашықтан, қазақ және орыс бөлімдерінде келесі оқу пәндері бойынша сабақ жүргізеді: 1-курс 2 - курс - «Педагогика» (5 ECTS) бакалавриаттағы барлық мамандықтар қ/б, о/б және ағылшын тілінде; 2-3 курс - «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (5 ECTS), қ/б, о/б және ағылшын тілінде барлық мамандықтар.
«Білім беру» топтарының педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларының «Педагогикалық модулінің» құрастырушылары (2017-2018 жж.) п.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Қ.Қ. Жампеисова және п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Ш.Ж. Колумбаева. Сондай-ақ, аталған ғалымдар «Педагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Білім берудегі менеджмент және әлеуметтік құжаттама», «Ұлттық тәрбие» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларының авторы.
Шығарылған оқулықтар:
|