қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2020

Халықаралық педагогикалық олимпиада жеңімпаздары

 

2020 жылдың 27-28 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» І Халықаралық педагогикалық оқулар өткізді.

 

І Халықаралық педагогикалық оқуларға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор - оқытушылар құрамы және магистранттар, «5В00117 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысты.

 

«Үздік терминдік сөздік» бойынша профессор Сауле Иманбаеваның «Әлеуметтік педагогика» терминдер сөздігі бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

«Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша «5В00117 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша Ахан Еркебұлан, Нұрлыбай Балнұр бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: профессорлар Сауле Иманбаева және Жаңалық Балтабаева.

 

«Үздік тәрбиелік іс-шара жоспары» номинациясы бойынша «5В00117 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Қамбар Ешмұхамбет, Ақтолқын Тілекқызы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшіcі:профессорлар Сауле Иманбаева және Жаңалық Балтабаева. Аталған тәрбиелік шара бойынша байқауда профессор, ҚР ҰҒА- ның коррепондент мүшесі Фаузия Оразбаеваға арналған «Тұғыры терең - тұлғалы ұстаз» тәрбиелік шараны жоғары деңгейде қорғады. Конкурста ғалымның бүкіл еңбектері бойынша көрме ұйымдастырылып, өмірлік жолдары бойынша видео көрсетілді. Көрмеге қойылған ғалымның кітаптары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасына сыйға тартылды.

 

«ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» І Халықаралық педагогикалық оқуларына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор - оқытушылар құрамы мен магистаранттар, докторанттардың, студенттердің белсене қатысқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаев пен Педагогика кафедрасының меңгерушісі профессор, ЖОО үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері Корлан Жампеисова Алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу