қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2021

Цифрлық технологиялар - сапалы білім берудің негізі


2021 жылдың 15 қарашасында университ бойынша Педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) «Цифрлы технология - сапалы білім негізі». (MS Teams)» тақырыбында жалпы университеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізілді.


Спикер, философия докторы (PhD) Мағрипа Ибраева қатысушыларға MS Teams платформасы жайлы, оның сипаттамалары, оқу үрдісінде пайдалану формалары мен әдістері туралы қызықты материалдар ұсынды. Ибраева М.Қ. MS Teams пайдаланушылары үшін егжей-тегжейлі нұсқаулар әзірледі және пайдалы материалдарымен бөлісті.


Талқылау барысында студенттер мен мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалау, бейнематериалдарды, презентацияларды көрсету мүмкіндіктері сияқты MS Teams-тің құрамдас бөліктеріне басты назар аударылды. Сондай-ақ MS Teams-ті қолданудың интернетке қатысты мәселелері талқыланды.


Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары мен оқытушылары, магистранттар, докторанттар мен студенттер қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу