қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2021

«Ұстаздардың ұстазы» ашық тәрбие сағаты

 

2021 жылдың 10 желтоқсанында университет бойынша педагогикалық пәндер цикл бөлімі (педагогика кафедрасы) Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс студенттерінің педагогикалық тәрбие практикасының жұмысы аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаздардың Ұстазы» ашық тәрбие сағатын өткізді. Практика жетекшісі профессор Саудабаева, 2 курс ТҚИ студенттерінің жетекшісі. Кәсіби бағдар беру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің барлық институттары бойынша презентация көрсетілді.


Ашық тәрбие сағатына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, практика жетекшілері мен 2 курс студенттері, әкімшілік, сынып жетекшілері және Алматы қаласының Наурызбай, Түрксіб, Медеу, Алатау аудандары, Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары мектептерінің оқушылары қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу