қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2023

«Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» іс-шарасы

 

2023 жылғы 30-31 наурыз күндері Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының басшылығымен «Ұлттық тәрбие» пәні аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына орай «Менің ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» жалпыуниверситеттік байқауының бірінші кезеңі өтті. Педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика», «Мектепке дейінгі білім беру және оқыту», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары, Математика, физика және информатика институтының «Физика», «Физика және информатика», «Математика» мамандықтарының 1-курс студенттері педагогика кафедрасының оқытушылары Фируза Абдримова, Фатима Асилбаева, Толқын Жанғазиева, Мағрипа Ибраевалардың басшылығымен байқауға белсенді қатысты.

 

«Ұлттық тәрбие» пәніндегі педагогикалық тәжірибе негізінде білім алушылар ұлттық құндылықтар негізінде жастарды ұлттық тәрбиелеудің заманауи үлгілерін әзірлеуге жоғары қызығушылық танытты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу