қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

Республика күніне арналған «Отаным менің - Қазақстан» мерекелік іс-шарасы


2023 жылдың 20 қазанында Педагогика және психология институтының (Педагогика кафедрасы доценті Жанна Акпарова) ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне арналған «Отаным менің Қазақстан» тақырыбында Филология институты «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы 201, 202, 203, 204, 205 топ студенттерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

 

Іс-шара мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, киімін, салт - дәстүрін, рәміздерін қастерлейтін, өз елін, тегін, тарихын білетін саналы да парасатты азамат болуға тәрбиелеу, сонымен қатар студенттердің болашақта мектеп оқушыларымен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізе алуға даярлау.

 

Мерекелік іс-шараға педагогика кафедрасының меңгерушісі, професссор Шолпан Колумбаева, «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы кафедрасының меңгерушісі Серик Иватов және педагогика кафедрасының доценті Светлана Жумашева қатысып, іс-шараның тәрбиелік мәні мен мазмұнына ерекше тоқтап, ұйымдастырушылар мен студенттерге үлкен алғыстарын білдіріп, жоғарғы деңгейдегі бағаларын берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу