қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2024

2 курс студенттеріне арналған шеберлік сыныптары

 

2024 жылдың 28 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасы 2 курс студенттерінің педагогикалық практикасы аясында Алматы облысы, Іле ауданының №29 және №44 мектебінің педагогтары Тарих және құқық факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

 

Іс-шараға Іле ауданы №29 мектеп директоры Зинат Қойшыбаева, №44 мектеп директоры Қуаныш Адетов, мұғалімдері - Гульзина Адамкулова, Жадыра Тайлакбаева, Бахыт Мынбаева, Гульнафис Берсугурова, Зухра Рахманова, Жанар Орманбаева, Люция Райымбекова, Бақытгүл Төлеухан қатысты.

 

Шеберлік сыныптарды өткізудің мақсаты - болашақ педагогтардың тәрбие саласындағы кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын және тарих пәнін оқыту әдістемесінің негіздерін қалыптастыру, студенттердің мамандыққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру болды.

 

Тәрбиенің өзекті мәселелері және тарих пәнін оқыту әдістемесі бойынша келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары өтті: «Қазақтың ұлттық киімдері - ұлттық нақыш пен өнердің көрінісі», «Ұлттық киім - ұлт бейнесі», «Қазақстың ұлттық киімдерінің физикасы», «Ұлттық киім арқылы ұлттық рухты ұлықтау», «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыта, қалыптастыра отырып, білім алушыларға заманауи және инновациялық стем технологиялар негізінде сапалы білім беру», «Оқушыларға берілетін білім негіздері олардың даралық қабілеттерін қалыптастыруына ықпал ету», «Ұлттық құндылықтар - тәрбие бастауы», «Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын арқылы парасаттылыққа баулу», «Қазақтың ұлттық киімдері ұлттық нақыш пен өнердің көрінісі», «Lesson study: оқушылардың білім сапасын арттыру құралы».

 

Іс-шараға педагогика кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, «6В01- педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша білім алатын ТжҚФ 2 курсының 100-ден астам студенті қатысты.

 

  alt=  




Кері оралу