Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
02.12.2024
2 курс студенттеріне арналған тәжірибелік сабақтар 2024 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасы «Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары» пәні аясында Алматы қаласы, Түрксіб ауданының №32 мектебінің педагогтары 2 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар өткізді.
Іс-шараға педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева, мектеп директоры Ибраимханова Меруерт, мұғалімдер Бейщанова Калия, Салиева Махаббат, Жылысова Айгуль, Курмашева Венера, Сатыбаева Нуржан «Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде» тақырыбы бойынша теориялық ақпаратты тәжірибеге ұштастырып, практикада көрсетті.
Тәжірибелік сабақтарды өткізудің мақсаты болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын және оқыту әдістемесінің негіздерін қалыптастыру, студенттердің мамандыққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру болды.
Практикалық сабақтар келесі өзекті тақырыптар бойынша өтті: «LESSON STUDY жұмыс тәжірибесінен (өзгерістерді басқару процесінде мектептің дамуы мен көшбасшының өзін-өзі дамыту процесі), «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану», «LESSON STUDY әрекетті зерттеудің тиімді әдісі (коучинг)», «Ағылшын тілі сабағында жасанды интеллектті қолдану», «Мектепте LESSON STUDY табыстылық критериі», «LESSON STUDY тәрбие жұмысында».
Іс-шараға педагогика кафедрасының ПОҚ, "6В01- педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша білім алатын 2 курсының 50-ден астам студенті қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|