қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2025

 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  (ҚазҰПУ) Педагогика кафедрасы 2025 жылдың  12  қарашасында  Алматы  қаласы, Түрксіб  ауданындағы №32 жалпы білім беретін мектеппен бірлесіп, 2 курс  студенттеріне ««Адал Азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысының тиімділік критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу» тақырыбында көшпелі практикалық-бағдарлы  шебер сынып  өткізді.


«6B01513 – Биология (IP)», «6B01516 - География-тарих», «6B01512 – Химия-Биология» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттерімен мастер-класстарды ұйымдастыруға және өткізуге:

 

  • Педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева,
  • п.ғ.д., қауымдастырылған профессор Гүлмира Саудабаева,
  • Алматы қаласы №32 мектебінің директоры Ибраимханова М.К.,
  • тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бейщанова К.А.,
  • оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары  Рамазанова Д.Д. ,Курмашева В.Н.
  • №32 мектептің білікті және тәжірибелі сынып жетекшілері қатысты.

 

 

Негізгі мақсат - болашақ педагогтарды «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру механизмімен таныстыру, заманауи қазақстандық мектеп жағдайында тәрбие қызметін жоспарлау және тиімділігін бағалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру болды. Мектептің жылдық және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыс жоспарын әзірлеуге және сынып сағатына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға ерекше назар аударылды.

 

Шебер-сынып  болашақ мұғалімдерді сапалы даярлау үшін  және де Абай атындағы ҚазҰПУ мен мектептер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын растайды, бұл мемлекеттік тәрбие саясатын тиімді енгізуге үлесін қосады.

 


 

 




Кері оралу