
Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2025
Алматы қаласы №152 мектеп-гимназиясында мектептегі білім беруді дамытуды стратегиялық маңызды кадрлық ресурс ретінде жас педагогтермен жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізу мақсатында «Жасампаз ұстаз:табысқа апарар жол» тақырыбында Абай ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы Саудабаева Гульмира Сауытжановна және педагогика ғылымының кандидаты, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Асилбаева Фатима Бекмуратовна, аға оқытушы Жангазиева Толқын Абдиманаповна және педагогикалық кафедрасының студенттерімен бірге қалалақ семинар өткізілді. Семинар барысында мектебіміздің директоры Жакипова Арайлым Сериковна алғы сөз алып, семинарға қатысушыларға мектебіміздің жетістіктері мен оқу процессінің еркешеліктерін айтып өтті.
Семинар барысында бағдарлама бойынша жүйелі түрде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығы негізінде мектеп-гимназиясында қызмет жасап жатқан жалпы саны-188 мұғалім болса,оның ішінде 22-ұстазымыз 1жыл аралығы мен 5 жыл аралығындағы жас маман ұстаздар қатарында және жас мамандармен арнайы тәлімгерлер тағайындалып, жоспар негізінде жұмыстары туралы айтылып өтті. Сонымен қатар,мектебіміздегі 1 жыл және 5 жыл толған жас маман ұстаздарының тәлімгерімен бірге жүргізген жоспарлы жұмыстары туралы дайындаған видеокөрсетілімін көрсетіп болашақ мамандарға шабыт берді. «Педагогикалық сынып» жобасымен таныстырып «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» жолдаудың арқалайтын жүгі мен ауқымы кең, мазмұнын таныстырып өтті. Сынып жетекшілердің нормативтік құжаттарымен таныстыру «Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 26.05.2025 ж. № 123 бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын – оқушылардың бойында адалдықты, қағидаттылықты, азаматтық жетілуді және тұрақты адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға бағытталған ауқымды жобаны енгізу жән инклюзивті білім берудегі инновациялық заманауи ұстаздың рөлі туралы құжаттарымен таныстырды. Инклюзивті кабинетке қысқаша шолу жасалды. «Заманауи білім беру технологиялары және ерекше білім алуды қажет ететін оқушылармен тиімді жұмыс ұйымдастыру» тақырыбында инклюзивті оқыту деген не, мақсат-міндеті, оған қалай жоспарлау керек, түзете-дамыта оқытудың міндеттері туралы айтылды және әдістемелік кітапшалар таратылды. Мектеп психологтары «Психологиялық тренинг» өткізіп болашақ жас мамандармен кері байланыс жасады. Семинар соңында болашақ жас мамандарға бағыт – бағдар беріліп, іс-тәжірбиемен бөліскен мектебіміздің ұстаздарына алғыс хат берілді. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|