
Педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
03.12.2025
«Саналы ұрпақ тәрбиесі: адалдық пен сапалы білім сабақтастығы» атты әдістемелік семинар өтті
28 қараша 2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология факультетінің Педагогика кафедрасы мен Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №217 жалпы білім беретін мектеп бірлесе отырып, п.ғ.к., аға оқытушы Ф.Б. Асилбаева және п.ғ.м., аға оқытушы Т.А.Жангазиеваның ұйымдастыруымен физика-математика және информатика факультетінің 2-курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты - болашақ педагогтарға саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселесіндегі адалдық құндылықтары мен сапалы білім берудің өзара сабақтастығын көрсету, сондай-ақ ЖОО мен мектеп арасындағы тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таныстыру. Семинар барысында студенттерге мектептегі біртұтас тәрбие жүйесінің жүзеге асырылу жолдары, мектеп пен отбасының саналы және адал ұрпақ қалыптастырудағы серіктестігі, педагог-психолог пен әлеуметтік педагогтың атқаратын міндеттері туралы кең көлемді ақпарат берілді. Іс-шара шеңберінде пән мұғалімдерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Семинар болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға, мектеп тәжірибесімен терең танысуына және тәрбиедегі адалдық қағидаттарын педагогикалық үдерісте қолдану маңызын түсінуге септігін тигізді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|