Негізгі бет
Жаңалықтар
20.05.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ мен Моңғол ұлттық білім беру университетінің қос дипломды білім беру мәселесін талқылау
2022 жылдың 18 мамыр күні Жаратылыстану және география институты мен Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен Моңғол ұлттық білім беру университетінің өкілдерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты қос дипломды білім беру мәселесін талқылау болды. Қазіргі уақытта қос дипломды білім беру білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қос дипломды білім беру бағдарламасының халықаралық тәжірибе алмасу кезінде, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу кезінде артықшылықтары бар.
Кездесуге Моңғол ұлттық білім беру университетінің профессорлары мен оқытушылары, соның ішінде профессор, география бағыты бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі Йембуу Батчулуун, PhD, география кафедрасының меңгерушісі Цогбадрал Хурелбаатыр, профессор Д. Даш, PhD, қауымдастырылған профессор Сандаг Кадбаатар, PhD ц. Бат-Эрдэнэ , PhD П. Энхжаргал, Г. Уранчимэг және Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қалампыр Жумагулова, доцент Шолпан Карбаева, аға оқытушы Жанар Қорғанбаева, аға оқытушы Арманай Саванчиева, Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Махаббат Аманбаева, Химия, Биология және География білім беру бағдарламаларының жетекшілері: Жазира Мукатаева, Асия Майматаева, Думан Алиаскаров және институттың профессор-оқытушылары қатысты.
Жаратылыстану және география институтының құрылымы мен білім беру бағдарламалары туралы Жазира Мұқатаева, Жанар Қорғанбаева баяндама жасады.
|