Негізгі бет
Жаңалықтар
23.05.2022 «Жүрекке арналған балалар оқуы» экскурсиялық-сабақ
2022 жылдың 21 сәуірінде «Мейірім» клубының ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттары бойынша Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы бойынша 1 курс ерікті-студенттері Зайт Ж., Ерсултанқызы А., Шаттық Ф.. Казенов О. «Жүрекке арналған балалар оқуы» экскурсия-сабағын өткізді.
Еріктілер ең қызықты кітаптарға шолу жасады: балаларға ең үлкен және кішкентай кітаптарды, панорама- кітаптарды, ойыншық-кітаптарды көрсетті. Балалар кітапхананың кітап әлеміне еніп, кітапханалық іс-шараларында тек қызықты кітаптарды таңдап қана қоймай, сонымен қатар: «Сүйіспеншілік шеңбері»; жағымды көңіл күй (Су асты патшалығына саяхат); «Кітаптар неге үйретеді» аңыз әңгіме; «Жанды әріп» , «Ертегі кейіпкері кім?» ойын тапсырмалары; Рухани құндылықтар қорабы «Мен көрсеткенді таңдаңыз»; ертегі викториналары; топтық ән айту танымдық бос уақытты ұйымдастыруға болатыны туралы білді.
Қызықты викториналар, күлкілі жұмбақтар, түрлі ойындар сияқты, балаларға көптеген жағымды эмоциялар қосты. Соңында көңіл-күй мен эмоционалды куйдің рухани рефлексиясы көңілді музыкалы бимен жалғасты, балалар мен еріктілер әдемі жүрек жасап, оны түрлі-түсті алақандармен безендірді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері көптеген әсер алды, іс-шараның ең белсенді қатысушылары тәтті сыйлықтармен марапатталды.
«Мейірім» еріктілер клубы |