Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
02.10.2020
Кафедраның докторанттарымен өткізілген кеңейтілген жиналыс
2020 жылдың 2 қазанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында 1, 2, 3 курс докторанттарымен кеңейтілген жиналыс өтті. Жиынға кафедра меңгерушісі Жомарт Симтиков пен құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев, сондай ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысып, бірінші курс докторанттарының тақырыптарын бекіту және ғылыми жетекшілерді тағайындау мәселесі, докторанттардың жеке жұмыс жоспарының ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп беру тәртібі талқыланды.
Сонымен қатар, кездесудің маңызды бағыты - Scopus деректер базасына енгізілген ғылыми журналдарда, сондай-ақ Clarivate Analytics (Thomson Reuters) компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес нөлден тыс импакт-факторы бар ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында докторанттар оқу үрдісінде туындаған сұрақтарын қойып, әдістемелік қолдауды жетілдіру, құжаттамалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|