қазақша · русский · english
 
 
 
14.10.2020

Жаңашылдық, дегенің-ұмыт болған ескілік


2020 жылдың 13 қазанында «Асыл Арна» телеарнасының тікелей эфирде «Маңызды мәселе» бағдарламасына Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық ғылымдар» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Избаиров Асылбек Кәрімұлы шақырылды. Бағдарлама тақырыбы қазақ даласының рухани тарихына арналды. Бағдарлама барысында исламның қазақ даласына келуі және оның таралу және даму кезеңдері туралы өзекті мәселелер қозғалды. Исламның дамуы Алтын Ордамен қаншалықты байланысты болды? Біздің ата-бабаларымыздың өмір салты қандай болды? Сондай-ақ, бағдарламада ислам өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалардың өмірбаяны көрініс тапты.


Сонымен қатар, бағдарламада Ресей империясының қазақ Даласын отарлауымен тарихта не өзгерді және Кеңес Одағының келуімен біз неден айырылдық? Біздің ұлтымыз сол қиын-қыстау кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырады? Ата-бабаларымыздың өміріндегі ерекшеліктер айтылды.


Бұл бағдарлама уақытша байланысты қозғағандықтан, исламның бүгінгі жағдайын бағалау және оның Қазақстандағы дамуы жеке қарастырылды. Сондай-ақ, өз тарихымызды, өзіндік ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз үшін не істеуіміз керек деген сұрақ қарастырылды. Біздің мәдени, тарихи мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа қалай жандандыруға болады?

 

 

 




Кері оралу