қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2020

«Менің туған өлкем» бейнеролик байқауы

 

2020 жылы 27 қазан - 2 қараша аралығында Тарих және құқық институтының саясаттану әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында студенттерге арналған «Менің туған өлкем» бейнеролик байқауы өткізілді. Шараның мақсаты - студент жастарды туған өлкенің тарихымен, киелі мекеннің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылық сезімін арттыру. Болашаққа қалай қадам басарымыз - өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Өткізілген шараның да көздегені осы.

 

Іс-шараға қатысқан 20 студенттің ішінен 3 номинация бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

- «Ең мазмұнды ролик» Сәрсенбаева Сымбат, Философия-әлеуметтану, 1 курс.
- «Ең креативті ролик» Ақжан Махамбетова, Сабина Игенбай, Әлеуметтану, 1 курс.
- «Көрермен көзайымы» Сабырғалиева Жансая, Философия-әлеуметтану, 1 курс.


Сонымен қатар, ерекше белсенділік танытқан екі студент қосымша сыйлықтармен және барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

   




Кері оралу