қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2020

Философияның қоғамдағы ролі

 

2020 жылдың 17 қарашасында Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасында онлайн форматта «Дүниежүзілік философия күніне» арналған танымдық тәрбиелік дөңгелек үстел өтті. Бұл күн ЮНЕСКО-ның шешімі негізінде 2002 жылдан бастап, қараша айының үшінші бейсенбі күні бүкіл әлемде жыл сайын аталып келеді.

 

Дөңгелек үстелдің жұмысын кафедра меңгерушісі Ж.Қ. Симтиков бастады. Ол философияның білім беру үдерісіндегі, қазіргі заман адамының әлеуметтенуіндегі, сондай-ақ қоғам мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөліне мән бере отырып, дөңгелек үстелге қатысушыларды «Дүниежүзілік философия күнінің» аталып өтуімен құттықтады.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты кафедра студенттерін, магистранттары мен докторанттарын философия ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелерімен таныстыру болғандықтан, кафедра профессорлары Ж.А.Қабаева, Д.У.Кусаинов, Б.М.Аташ және «Философия» мамандығының 2 курс докторанты Ж.Д.Рамаданова баяндамалар жасады және 2-ші курс студенті Өтеш Айдынбек өзінің философтарға арналған өлең жолдарын оқып, дөңгелек үстелге қатысушылармен пікір алмасты. Дөңгелек үстел өте нәтижелі өтті.

 

   

 

   




Кері оралу