қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

Н.Назарбаев - Елі сүйген Елбасы, халқы қолдар көшбасшы


2020 жылдың 2 желтоқсанында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 1 курс студенттері «Елі сүйген Елбасы, халқы қолдар көшбасшы» шығармашылық кеш ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі істерін, өзінің туған елі мен халқының игілігі жолындағы көпжылдық жемісті жұмысын насихаттау мақсатында өткізілді. Студенттердің сөйлеген сөздері мен пікірлері қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың, өздерінің Елбасын қалай жақсы көретінін, Н.Назарбаевты қазіргі заманның ең танымал саяси қайраткерлерінің қатарындағы оның жеке және кәсіби қасиеттерін бағалайтынын көрсетті. Оның өмірі-табандылық пен Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу