қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2020

Тәуелсіздік өлшемдері


2020 жылдың 10 желтоқсанда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының доценті Ж.К. Мадалиеваның жетекшілігімен ZOOM платформасында онлайн режимінде «Тәуелсіздік өлшемдері» танымдық-тәрбиелік дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге институттың профессор - оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

 

Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелді саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.К.Симтиков ашып, еліміздің тәуелсіздігінің іргетасы нығайып, жастарымыз сапалы білім алып, ұлттық тіл мен дәстүріміз жанғырып алдыңғы қатарлы құндылықтарға ие болғанымыз туралы айтып өтті. Дөңгелек үстелде Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Т.Ә. Нүрпеиіс «Ұлттық тәуелсіздікке жеткізген азапты жол» тақырыбында, аға оқытушы Б.З.Иманмолдаева «Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз», әлеуметтану мамандығының докторанты А.К.Раимқұлов «Вопрос о государственной границе в контексте независимости РК», «Дінтану» мамандығының 1-курс магистранты А.К.Нұрғалиев «Тәуелсіздік - тәңір берген тәтті сый», «Философия - әлеуметтану» мамандығының 1 курс студенті А.С.Садықов «Заңдылық» тақырыптарында баяндама жасады. Ақберен Елгезектің өлеңімен дөңгелек үстел жұмысын аяқтады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу