қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2020

«Тоталитарлы және деструктивті секталар мен ұйымдар»

тақырыбындағы ғылыми вебинар

 

2020 жылдың 26 желтоқсанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев «Тоталитарлы және деструктивті секталар мен ұйымдар» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді.

 

Вебинардың мақсаты - әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да таралған тоталитарлы секталар мен деструктивті ұйымдардың сипаттамасын анықтау. Вебинар барысында аталмыш ұйымдар мен секталардың идеологиясы, критерийлері және белгілеріне тоқтала келе мұндай ұйымдардың ықпалына түскен адамдардың әлеуметтік-психологиялық хәлдері қарастырылды. Осы қауіпті құбылыстармен күресу жолдары да талқыланды.

 

   




Кері оралу