қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2021

Дін саласындағы жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер және экстремистік идеологияның жақтастарын радикалды көзқарастан арылту жолдары талқыланды


2021 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты және саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы Философия, саясаттану және дінтану институтымен біріге «Дін саласындағы жаңа сын-қатерлер және экстремисттік идеология жақтастарын радикалды райынан қайтарудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында ғылыми конференция өткізді.


Конференцияның мақсаты - діни саладағы жаңа көзқарастар мен тәуекелдерді сараптамалық талдау, сондай-ақ, экстремисттік идеологияның ықпалына түскен адамдарды практикалық дерадикализациялаудың жаңа әдістерін жетілдіру және іздеу болып табылады.

 

Конференцияда елімізге белгілі ғалымдар мен жас мамандар баяндамалар жасады. Атап айтар болсақ, саяси ғылымдарының докторы, профессор Есенжол Алияров, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Избаиров, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аширбек Муминов және т.б.

 

   

 

   




Кері оралу