қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2021

Тарих және құқық институтындағы Ашық есік күні


2021 жылдың 2 наурызында Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасы және саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедраларының ұйымдастырумен Іле ауданының білім бөлімі, Іле ауданы мектептерінің пән мұғалімдері және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов ашып, барлық қатысушыларды осы іс-шарамен құттықтап, сәттілік тіледі. Шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы 2021 жылғы ҰБТ-ны өткізу ерекшеліктері жайында ақпараттармен таныстырды.

 

Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Жазира Қуанышбаева, Гүлнара Рахимова кафедрадағы мамандықтармен таныстырып, білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпараттармен бөлісті.

 

Іле ауданы мектептерінің мұғалімдері және 11 сынып оқушылары кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша мол мағлұматтар алып, өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша жауаптар алды. Іс-шара соңында Іле ауданы мектептерінің мұғалімдері және 11 сынып оқушылары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу