қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2021

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Адалдық кодексі»: тәрбиелік-танымдық вебинары


2021 жылдың 3 сәуірінде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары, эдвайзер-тәлімгерлер - аға оқытушылар Гүлнара Рахимова мен Әсем Бердалинаның ұйымдастыруымен университеттің «Адалдық кодексі» және «Этикалық кодексі» жөніндегі таныстырылымы өтті. Білім алу үдерісіндегі білім алушылардың жеке адамгершілік қасиеттері мен білім алудағы жауапкершіліктерін дамытуға арналған құндылықтар жөнінде кеңірек тоқталды. Студенттердің білімін қалыптастыруға арналған бағыттар, академиялық адалдық қағидаттары толық түсіндірілді. Вебинар соңында студенттер аралық бақылау талаптары мен сессия талаптары жөніндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Вебинарға 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу